Қазақстан құрамасы үшін ұлттар лигасы  таптырмас мүмкіндік. Мәселен, УЕФА Ұлттар Лигасында барлық қарсылас командаларды жеңетін болса, Еуропа-2020 чемпионатына жолдама алады. Ал группада Грузиядан басқа, Латвия мен Андорра құрамалары бар. Яғни атағынан ат үркетін  айқын фавориттің жоқтығы анық.   Ал ұлттық  құраманың бас  бапкері  Станимир Стойлов болса Қазақстанды группадағы  небәрі үшінші фаворит деп бағалап отыр.

– Группаның фавориті Грузия болып саналады. Қазіргі Грузияның бас бапкері, кешегі  Алматының «Қайрат» клубын жаттықтырған, елімізге танымал маман Владимир Вайсс Қазақстан  құрамасын өте жақсы біледі. Шындығына келсек,  бізде  ойыншылардың жеке қабілеттіліктерінде  проблема бар, бірақ  оны командалық, ұйымдастырушылық қасиеттерімізбен шеше аламыз деген ойдамын. Сондай-ақ Еркебұлан Сейдахметов  «Уфа»  клубында бір ғана толық ойын өткізді. Бұндай жағдайдан кейін  көбінесе футболшылар  өзіне деген сенімділігін жолғалтып алады.  Сондықтан шабуылшыны ойынға жоғары деңгейде  дайын деп айта алмаймын. Алайда  ойыншылар ұлттық құрама жейдесін кигенде,  өз жанкүйерлерінің алдында тартысты ойын көрсету қажет.  Біздің мақсатымыз – 3 ұпай!

Айта кетейік, Қазақстан – Грузия матчы футбол тарихының жаңа еуропалық турнирдегі алғашқы ойыны ретінде қалады. Матч 6 қыркүйекте сағат 20.00-де «Астана Арена» стадионында болады.

 

ҮЛЕС