Отыз жыл бойы жөндеу көрмей,  тозығы жеткен әуежай жергілікті жұрттың ғана емес, еліміздегі азаматық авиацияның да өзекті  мәселесіне айналған болатын.  Себебі әуежайдың географиялық орыны  Оңтүстік Шығыс Азия мен Еуропа елдеріне қатынайтын әуе жолының транзиттік бағытында қалтқысыз қызмет көрсетуге дайын еді.  Шандоз шаһардың әуе қақпасын түбегейлі ретке келтіруге «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 10 миллиард  теңгеден астам қаражат бөлініп,  2016 жылдың соңында басталып кеткен жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін толықтай аяқталмақ. Қазіргі жетістік –  әуежайдың халықаралық азаматтық авиация талабына  сай болуы. Ол үшін арнайы мамандар  екі жарым шақырымдық  ұшып-қону жолағын  үш шақырымға  дейін  ұлғайтқан. Сондай-ақ жолақты монолиттік бетоннан құйған. Бұдан басқа,  ғимараттың ішкі коммуникация жүйесі де  жөнделмек.

 

 

  «Бұл уақытқа дейін  жөндеу жұмыстары түбегейлі атқарылды деп айта аламын. Бүгінгі таңда  әуежайда көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Ең бастысы ,  ұшып-қону алаңы дайын. Әуежайға алдымен Алматы мен Астана қалаларынан және көршілес шет мемлекеттерден ұшақтар қатынайтын болса, алдағы уақытта  біз Түркия, Батыс Еуропа елдері сияқты халықаралық деңгейдегі рейстерді де қабылдай аламыз деген ойдамын»,-деді халықаралық әуежайдың жерүсті қызметінің басшысы Марат Жақсылықов.

 

ҮЛЕС