Семейде қалаға таяу жердегі елді-мекендерді дамыту тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға Новобаженова мен Приречный ауылдық округтерінің әкімдері қатысты. Новобаженова ауылдық округі Семей қаласынан 52 км  қашықтықта орналасқан. Төрт елді- мекеннен құралатын округте  2612 адам  тұрады. Мемлекеттік бюждеттің төртінші деңгейі ретінде жергілікті өзін-өзі басқарудың  дербес  бюджетін енгізуіне байланысты, салықтық түсімдер жергілікті өзін-өзі басқарудың  дербес бюджетіне түседі.  2018 жылдың 8 айындағы түсімдер 17 млн теңгені құрайды. Ауылдық округ әкімі Кенжетай Умертаевтің  айтуынша өңірдегі негізгі сала – ауыл шаруашығы.

– Новобаженова ауылдық округінде 40 шаруа қожалықтары тіркелген. Олардың 27 мал шаруашылғымен айналысады.  Егістік алқаптарында, көпжылдық дақылдар, көкеніс және бақша шаруашылығы бар 12 фермерлік шаруа қожалығы бар.  Сондай-ақ  «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында  2011  жылдан  бастап  66 ауыл тұрғыны  шағын несие алды. 2014-2018 жылдарға арналған  «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»  бағдарламасы аясында мал шаруашылығын  дамыту мақсатында  микрокредиттер алу үшін халыққа 83 млн. теңге бөлінді. Менің ойымша, бөлінген қаражат міндетті түрде мал санының артуына алып келеді.

Округ әкімі  халық саны Қытай асып келген оралмандармен көбейгенмен, жергілікті жұрттың үдере көшуі жиі байқалатынын жасырмады. Әсіресе, ауылдан білім алып шыққан жастардың, туған өлкесіне қайта келуі екіталай. Бірталайы Алматы қаласын бетке алса, ал қалғаны Астана қаласының жергілікті тұрғындарына  айналып кеткен.

Ал Приречный ауылдық округінде өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде  өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу  бойынша шараларды іске асыруға ауылдық елді  мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыру үшін 1 817 600 мың теңге бөлінген.  Осыған орай, Приречный ауылында белсенді демалу алаңын орналастыруға ауқымды жұмыстар жүргізіліп, қазіргі таңда демалу алаңы жасалды. Жалпы,  мемлекеттік  органның күрделі  шығыстары үшін, яғни «Семей қаласының Приречный ауылдық округі әкімінің  аппараты» мемлекеттік  мекемесіне  3 235 000 мың теңге бөлінген. Шара барысында  аталмыш ауылдық округінің әкімі Алғатай Байдомалақов  бөлінген қаражаттың қандай ілкімді істерді атқаруға жұмсалытынғын айтып өтті.

– Ағымдағы жылы Приречный ауылындағы көшелерді жарықтандыру бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы жасалды. Жарықтандыруға арналған құжаттама Семей қаласының құрылыс бөліміне берілді. 2019 жылда жарықтандыру басталады деп күтілуде. Ауылдық округтің 2019 жылға арналған бюджеті  18 363 000 мың теңге бөлінуге  қарастырулуда.  Сондай-ақ келесі жылы  Жарқын және Мұздыбай ауылдарына балалар ойын алаңын орнату жоспарланған. Бұл жобаның жүзеге асуына 3 412 940 мың теңге қажет деп танылды.  

Ұйымдастырушы тарап, алдағы уақытта шахар маңындағы өзге де ауыл-аймақтың тыныс-тіршілігімен етене танысып, қордаланған мәселелерін шешу жолында кезекті баспасөз мәслихатын өткізбек.

ҮЛЕС