Қалалық Достық үйінде  қоғамдық бірлестіктер мен этно-мәдени орталықтардың, клубтардың, қызметін ұйымдастыру және проблемалық мәселелер туралы дөңгелек үстел өтті. Шараға мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Назерке Мәулитқызы қатысып,  Достық үйіндегі  қоғамдық бірлестіктер мен этномәдени орталықтар, клубтар қызметін ұйымдастыру туралы және проблемалық мәселелер жөнінде баяндама оқыды.

Бұл баяндама жиынға қатысқан  мәдени ошақ қызметкерлерін бейжай қалдырмады. Олар қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжаловқа ғимаратта кеңестік кезден бері тұрған  кеңсе заттарды жаңаға ауыстыру керектігін ашына айтты.

Достық үйінде  кеңестік кездегі кеңсе үстелі, орындықтар әлі де тұр. Жанды жерлерін жанай өткен баяндамадан соң, мекеме қызметкерлерінің  зығырдандары қайнады.

Бейуақытта түскен қысымнан амалы құрыған мәслихат хатшысы наразы жұмысшылармен бірге Достық үйінің әр қабатына шығып, әр бөлімді аралап, бұл мәселені алдағы уақытта қарастыратындығын атап өтті.

ҮЛЕС