Қалалық орталық кітапханада «Радуга» шығармашылық бірлестігі аясында «Елбасымыз – көреген дара тұлға» атты портрет кеші өткізілді. Іс-шараға Семей өңірлік гарнизонының әскери полиция жасағының қызметкерлері, Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетінің «Жастар саясаты» орталығының маманы Мадина Отанқызы, сондай-ақ, аталмыш оқу орнының және көлік колледжінің студенттері қатысты.

Кеш ҚР-ның Мемлекеттік Әнұранының орындалуымен басталды. «Тұңғыш Президент күнін мерекелеу – қоғамды мемлекет басшысының саясаты мен идеясының төңірегіне шоғырландыру болып табылады», – деген сөздерімен шараны бастаған кітапханашы елдің даму тарихындағы Президент тұлғасының зор маңыздылығын атап өтті.

Шараны жалғастырған Семей өңірлік гарнизонының әскери полиция жасағының қызметкері Жұмағали Әділет Нұрғазыұлы Тұңғыш Президент күні – Қазақстанның барлық азаматтарының және оның көшбасшысының бірлігін айшықтайтын, көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыздың тұрақтылығы мен бірігуінің нығаюына ықпал ететін жалпыұлттық мемлекеттік мереке екенін баса айтты.

Келесі сөз кезегін алған әскери полиция жасағының қызметкері Еркінтаев Ернұр Бейсенбайұлы жастарды патриот болуға, өз елінің бәсекеге қабілетті азаматтары болуға, білімге ұмтылуға, Қазақстанның тәуелсіздігін бағалауға және қастерлей білуге шақырды. Шара Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетінің студенттері Ақерке Есбатыр, Қалжан Сараның орындауындағы әдеби композиция  және музыкалық нөмерлерімен жалғасты. Портреттік кеш соңында  «Бір Отан! Бір Тағдыр! Бір Елбасы!» атты  кітап көрмесінде қойылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды.

ҮЛЕС