Шахардағы  Қазақ инновациялық гуманитарлық- заң университетінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты тақырыпта көрме өтті.  Шара мақсаты  Елбасының  еңбек жолын өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау болды.  Көрме аясында  білім ордасындағы  гуманитарлық факультетінің деканы  Шынар Ботайқызы құттықтама сөз сөйлесе, тарих мамандығының докторанты Нұргүл Дайыровна баяндама оқыды.

Бұдан кейін гуманитарлық факультеттің жас ақындары Елбасына арнап шығарған өз өлеңдерін оқып, төл туындыларын ортаға салды. Елбасының еңбек жолынан үлгі алып, Отанын сүюге, елжандылыққа тәрбиелеуге бағытталған жүрекжарды жырлар естір құлақтың есінде қалды.

Осылай жастардың бойындағы шығармашылық таланттарын шыңдаған кеш барысында «Әлем таныған тұлға» атты көрме  көрермен қауымға  егжей-тегжейлі таныстырылды. Көрмеге Елбасының еңбектері, өмірбаяны жазылған шығармалары және білім ошағы кітапханасындағы Елбасы шығармаларының электрондық нұсқаларының 300-ге жуық, газет мақалаларының 167-ге жуық түрлері қойылды.

ҮЛЕС