Президент күні мен алда келе жатқан  ҚР Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Семей қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармада №40-шы орта мектептің 5 сынып оқушылары «Жас Ұландары» әскери патриоттық клуб мүшелері болып қабылданды.

Салтанатты рәсімнің мейманы ретінде  Ұлы Отан соғысының, «Шығыс» қолбасшысының кеңесшісі Әскери қарулы күштерінің, ҚР қорғаныс министрлігінің қарулы күштерінің ардагерлері шақырылды. Қонақтар жас кадеттерге жақсы оқып, әскери дағдыларды меңгеруге тілек білдірді. Біркелкі формадағы кадеттер әскери дайындықтарын көрсетіп Ұлы Отан соғысының қатысушылары алдында  кадет атағын мақтанышпен алып жүруге ант берді.

Қазақстанның жалпы білім беру мектептерінде кадеттер кластарын құру әскери қызметтің беделін арттыруға және жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге бағытталған. Кадет сабақтарында балалар жалпы орта білім беру бағдарламасымен оқиды. Мұндай сыныптарда патриоттық тәрбие, дене тәрбиесі және базалық әскери дайындыққа ерекше көңіл бөлінеді.

Әрбір кадет мектеп жарғысын мен командирлер бұйрығын қатаң орындауға, сынып намысын қорғауға, жақсы оқып, адал және сенімді, өз  Отанының нағыз патриоты болуға уәде берді. Салтанатты рәсім жоғары деңгейде өтті. Рәсімнен кейін кадеттер жауынгерлік Даңқ мұражайына барды.

 

ҮЛЕС